06 Шілде, 2015

Аспанмен астасқан асқақ  арман

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ

9204.indd  – Қазақстандық су­рет­шілердің шығар­машылық ұжымы бұл картина бойынша бір­­­неше жыл жұмыс істеді. Әуелде атын таба алмай қиналдық. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы 2 шілде – Индус­трия­ландыру күні ілге­рі­леткен тамаша идея – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ туралы естігенде, оның қалай аталуы керек екендігін бірден түсіндік. ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – мен картинаның не­гізгі идеясын дәл осы­лай білдірген болар едім. Біздің Көш­бас­шымыздың ас­пан­­мен астасқан ас­қақ арманы, оның ұлы идея­ларының жасам­паздығы, оның жаңа ғаламат жобасы – «бес институттық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары – осының бәрі аталған туын­дыда көрініс тап­қан. Мұнда бү­гін­де бар­лық қазақ­стан­дық­тар мақтан тұ­татын Қазақстан Рес­публикасы Мем­ле­кеттік туының түсі – аспан-көк түстес реңк басым. Аспан-көк түс­тің колористикасы үлкен адами бақыт пен елдегі барлық этнос­тардың өсіп-өр­­кен­деуін көрсетіп тұр­ғандай. Қазақстан халқы, Елбасының арқасында, бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келі­сімде өмір сүріп жатыр. Біздің консультан­тымыз Президент Әкім­шілігі Басшысының орын­­­басары Бағлан Майлыбаев болды. Ерболат ТӨЛЕПБАЙ, жоба жетекшісі.